Қазақша жаңалықтар
9 қазан 2023 13:08
 

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

  Пікірлер

blog.share

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты ©Видеодан кадр

Алматы әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

blog.share

Алматы әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Айыпталушы - Тұрлыхановтың кенже ұлы 20 жастағы Нұрасыл Болат. Оған алматылық заңгер ерлі-зайыпты Олег Чернов пен Анна Дмитриевичті соққыға жыққаны үшін айып тағылған. Істің барлық материалдарын зерделеп, тараптарды тыңдай отырып, сот мынадай қорытындыға келді:

"Нұрасыл Болат Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бір миллион 700 мың теңге айыппұл салынсын", - деп Нұрасыл Болатқа үкімді оқыды судья Дихан Әлиасқаров.

Еске сала кетейік, оқиға биыл 11 ақпанына қараған түні Алматыда болған. Нұрасыл Болат ерлі-зайыпты Чернов пен Дмитриевичті соққыға жыққан. Кейін Тұрлыхановтың ұлы мерзімді қызметте екені белгілі болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!