айналдырған", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов.
Перовтың мәліметінше, Ардавичус бірнеше рет жауап беру үшін шақыртылған, алайда шетелден келуден бас тартқан.
"Аталған мән-жайларды және Ардавичус мырзаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететін жеткілікті негіздерінің болуын ескере отырып, оған қатысты сырттай "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы санкцияланды. Халықаралық іздеу жариялау туралы материалдар сотқа жіберілді", - деп мәлімдеді брифинг барысында Қаламов.
Тергеу барысында ұрланған қаражаттың нақты сомасы анықталады. Тергеу жалғасып жатыр.