"Біздің досымыз". "Қайрат" клубы Хабибке көңіл айтты

Хабиб Нурмагомедов. Сурет "Қайраттың" сатынан алынды.
Алматылық "Қайрат" футбол клубы Хабиб Нурмагомедовке әкесі Абдулманап Нурмагомедовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. 

Чемпионның әкесінің қайтыс болғаны туралы ақпаратты бүгін, 3 шілде күні Чечен Республикасының басшысы Рамзан Кадыров айтқан болатын. 25 сәуірден бастап әйгілі бапкер емханада жатыр еді. Ол алдымен өкпе қабынауы деген диагнозбен түскен. Кейін коронавирус жұқтырғаны анықталды. 

"Қайрат" футбол клубы досымыз Хабиб Нурмагомедовтің әкесінің қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз", - делінген клубтың хабарламасында. 

2019 жылы Хабиб "Қайрат" академиясында қонақта болған еді. Сол кезде ұжым оған бірінші нөмірді сыйға тартқан. 2020 жылы алматылық клуб құрған көздері нашар көретін команда UFC чемпионы ұйымдастырған турнирге қатысты. 



Абдулманап Нурмагомедов әскери самбодан 18 әлем чемпионын тәрбиелеп шығарған. Осы жетістігі үшін де ол Гинесстің рекордтар кітабына кірді. Еркін күрестен КСРО-ның спорт шебері, Ресейге еңбегі сіңген бапкер тек ұлы Хабиб Нурмагомедовті емес, Ислам Махачев, Рустам Хабилов, Тагир Уланбеков және тағы басқа да спортшыларды жаттықтырған.


Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды