"Бүгінгі күннің батырлары": ҰОК жаңа жобаның тұсауын кесті

© olympic.kz
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті «Бүгінгі күннің батырлары» атты жаңа жобаның тұсауын кесті. Жоба еліміздің намысын әлемдік сындарда абыроймен қорғаған спортшыларға арналады.

Жобаның алғашқы кейіпкері - дзюдодан Олимпиада ойындарының жүлдегері Елдос Сметов. Бірінші түсірілім Елдостың үлкен спорттағы жеңісінен сыр шертеді.

"2014 жылы залда отырып, ақ қағазға өз мақсаттарымды жазғанымды білемін. Азия ойындарының, әлем чемпионатының алтынын алып, Олимпиада чемпионы атанамын деп жазғанмын", - дейді Сметов әңгіме барысында.

Елдос Рио Олимпиадасы аяқталған соң, үлкен спортпен қош айтысқысы келген. Бірақ оны татамиде бір ғана мақсат - Олимпиада алтыны ұстап қалды.

"Жалғыз өзім мұндай жетістікке жетпес едім. Менің артымда 18 миллион жанкүйер тұр. Өз халқымның қолдауын сезінемін", - дейді ол.

Айта кетелік, Елдос Сметов жайлы көрсетілімнің ертең шығатын екінші бөлімінде оның спорттан тыс өмірі көрініс таппақ. Әзірге негізгі роликтер 1-1,5 минутты құрайды. Ал кейінірек әрбір кейіпкер туралы 10-15 минуттық видеосюжеттер жанкүйерге жол тартады.

"Біздің жобамыздың негізгі мақсаты - жастарды үлкен спортпен шұғылдануға шақырып, спорт жұлдыздарының жетістіктерін үлгі ету", - делінген ҰОК хабарламасында. 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды