Қазақша жаңалықтар
8 қараша 2023 09:25

Бостандыққа шыққан Боранбаев мәлімдеме жасады

©instagram.com/kairat4/

Алматылық "Қайрат" футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев еркіндікке шыққанан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боранбаев бас бостандығынан айыру жазасын өтеу мекемесінен 2023 жылдың 6 қарашасында босатылды. 

"Әріптестер, достар мен серіктестер! Мен үйге оралып, туыстарым мен жақындарымды көріп қуандым. Осы айларда мені қолдап жүрген баршаңызға үлкен алғысымды білдіремін. Мені қолдау үшін көтерілген әрбір бастама және айтылған әрбір жылы сөз жайлы біліп отырдым. Кезекті рет менің айналамда таңқаларлық - адал, мейірімді және шынайы адамдар екендеріне тағы бір көз жеткіздім. Жылы сөз бен қолдауларыңызға рахмет", - деп жазыпты Боранбаев. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport