Қазақша жаңалықтар
17 тамыз 2023 19:21
 

"Боғымен жасты қыз-жігіттер өлтірді". Белгілі журналист Амангелді Сейітханға қатысты тың деректерді айтты

  Пікірлер

blog.share

"Боғымен жасты қыз-жігіттер өлтірді". Белгілі журналист Амангелді Сейітханға қатысты тың деректерді айтты ©

Спорт журналисі Аслан Қаженов белгілі комментатор Амангелді Сейітханның өміріне қатысты көпшілік біле бермейтін жәйттарды өзінің Instagram парақшасында жария етті.

blog.share

Спорт журналисі Аслан Қаженов белгілі комментатор Амангелді Сейітханның өміріне қатысты көпшілік біле бермейтін жәйттарды өзінің Instagram парақшасында жария етті.

"Олар әлі талай адамды жалмайды...

Жақында Қазақ Радиосындағы "Бестселлер" бағдарламасына сұхбат бердім. Әңгімеміз бір кезде Амангелді Сейтханға бұрылды. Оның ішінде Аман ағаның тікелей эфирден шеттетіліп, комментатор болуына кедергілер айтыла бастады. Бұл енді көпшілікке белгілі жәйт қой. Плюс өзім біліп жүрген, бірақ, көбі біле бермейтін жағдайларды да айттым. 

Мәселен, 2016-2017 жылдарға дейін микрофон ұстап, бізбен бірге "поляда" жүрді. Оны қызметте өсірмеу туралы тікелей бұйрық болды. Шетелдегі спорттық шараларға баруына мүмкіндік бермеді. Амалсыз, жұмыстан уақытша шығып, федерацияға не министрлікке келісіммен жұмысқа тұрады. Сөйтіп, солардың атынан ғана барып жүргенін көрдім. Редактор болған кезінде мәтінді өзгертуге, тіпті, эфирдегі материалға тиісуге тыйым салды",- дейді ол. 

Ол марқұм Амангелді Сейітханның жолын кескендер туралы да жазды. 

"Осы бар, өзгесі бар, барлығын жасап жатқан боғымен жасты қыз-жігіттер. Әрине, моральдық тұрғыда ауыр. Ағамыздың кемшілігі - соның бәрін ішінде сақтады. Ашық айтпады. Шерін тарқатпады. Соңында қайтыс болуына да сол түрткі деп ойлаймын. Өйткені, ковид кезінде осындай жаралардың беті ашылып, барлық ауру қозады ғой. Қысқасы, сөйтіп, Амангелді Сейтханды өлтірді. Ащылау болса да, ашығы осы ғой. Енді одан жақсы адам таппай жүрміз. 

Қалай болғанда да, Амангелді өз биігінде қалды. Оның есімін де, еңбегін де көпшілік жақсы біледі. Біз тұрғанда насихаттала береді де. Ал, оның балағынан тартып, жан-жағынан жұлмалаған кімдер? Оларды ешкім білмейді. Олар әлі тірі жүр. Олар солай өмірден өтеді де. Өкініштісі, Амангелді Сейітхан сияқты талай адамды жалмап кетеді. Оларда өкініш болмайды. Олардың миссиясы сол ғана. Олардың қолынан басқа ештеңе келмейді. Радиодағы сұхбатты осындай ойлармен түйіндедім...",- деп жазыпты Қаженов. 

Еске салайық, белгілі спорт журналисі әрі комментатор Амангелді Сейітхан 2021 жылы 16 тамызда 52 жасында короновирустан көз жұмған болатын. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!