Қазақша жаңалықтар
5 желтоқсан 2017 16:33
 
Бейжіңде қазақ күресінен Азия федерациясының кеңсесі ашылды

  Пікірлер

blog.share

Бейжіңде қазақ күресінен Азия федерациясының кеңсесі ашылды

Бүгін Бейжіңде қазақ күресінен Азия федерациясы кеңсесінің ашылу салтанаты болды.

Шараға қатысушылар алдында Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті Серік Төкеев сөз алып, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі аталған спорт түрінің даму тарихы туралы қысқаша баяндап өтті.

С. Төкеев қазақ күресінен Азия федерациясының президенті Серік Кененбай, ҚХР Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы Сун Цзяньлин және басқа да Бейжіңдегі қазақ күресінен Азия федерциясы кеңсесінің ашылуына үлес қосушыларға алғысын білдірді.

«ҚХР-ында қазақ күресінен ірі халықаралық жарыстар 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. 2013 жылы Ақсай Қазақ автономиялық ауданында ересектер арасындағы 9-ншы Азия чемпионаты өткізілді. 2015 жылы Алтай аймағында 11-інші Азия чемпионаты, 2016 жылы Моңғолкүре қаласында 6-ыншы әлем чемпионаты өткізілді», - деп атап өтті ол.

С. Төкеев қазақ күресі 2018 жылы Индонезияның астанасы Джакарта қаласында өтетін жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енгізілуі мүмкін екендігін атап өтті.

Айта кетейік, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы 2004 жылы Мюнхен қаласында (Германия) өткен дүниежүзі қазақтарының құрылтайында құрылған болатын. 

2004 жылдан 2010 жылға дейін үш әлемдік біріншілік (2006 - Алматы, 2008-Орск, 2010 - Астана) және бір Еуропа чемпионаты өткізілді.

Жарнама

Живи спортом!