Бейбіт Шүменов ресми түрде әлем чемпионы титулынан айырылды

Бейбіт Шүменов. Сурет: Vesti.kz, Тұрар Қазанғапов©
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) мамыр айының қорытындысы бойынша барлық салмақ дәрежесінің жаңартылған рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстандық Бейбіт Шүменов жаңа нұсқада бірінші ауыр салмақтағы WBA-дың "тұрақты" чемпионы атағынан айырылды.

Бұл титулдың жаңа иегері француз боксшысы Арсен Гуламирян болды, онымен бірге Шүменов титулын қорғау үшін жекпе-жекке шығу керек болған, бірақ жарақаты салдарынан өткізе алмады. Бейбіт алған жарақатына байланысты кездесуге дайындалуға мүмкіндігі болмағаны белгілі, себебі бұл туралы WBA өкілдері хабарлаған.

Енді Шүменов ресми түрде "демалыстағы чемпион" атанды. Рингке оралған жағдайда ол титулын қорғауға жекпе-жек өткізе алады.
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды