Белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан өмірден өтті

©

Белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан өмірден өтті. Қаралы хабарды әріптесі Жандос Айтбай растады.

"Ол кісі ауруханада көп жатқан жоқ. Кеше жансақтау бөліміне түсті. Бүгін айырылып қалдық. Соңғы күнге дейін жасырып, жаны қиналып жатса да ешкімге білдірмеді", - деді журналист Жандос Айтбай.

Амангелді Муатқанұлы 1969 жылы 11 мамыр күні ШҚО Мақаншы ауданында дүниеге келген.

1991-1994 жылдары "Спорт" газетінде істеп, 1994 жылы "Қазақстан" телерадиокорпорациясында "Тұғыр" атты бағдарлама ашып, жүргізушісі болды.

Осы орайда ол арнадағы спорт бөліміндегі бас редактордың орынбасары қызметін де қатар атқарды.

Осындан соң "Құмсағат" бағдарламасының спорттық ақпараттар бойынша продюсері атанды.

Ал 1997 жылы "Хабар" арнасына ауысып, осы күнге дейін аталған агенттікте жұмыс істеп келді. Футболдан 1998 жылы Франциядағы Әлем чемпионатында қазақ тілінде комментатор болды.

Одан кейін 1999 жылы Бангкоктегі Азия ойындарын, 2000 жылы Сиднейдегі Олимпия ойындарын, 2002 жылғы Солт-Лейк-Ситидегі ақ Олимпиаданы "Хабар" арнасының эфирінде қазақша сөйлетті.

Амангелді Сейітхан 2000 жылы еліміздегі спорт журналистеріне берілетін Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты.

Спорт шарасын "жеңісті күндерде жолыққанша" деп аяқтайтынымен көрермен ықыласына бөленген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды