"Барлық шығынын көтереміз, ал олар...". Alash Pride президенті қырғызстандық спортшыларды неге шеттегенін айтты

Данияр Қасқарауов (ортада). Сурет: instagram.com/kaskarauovdaniyar/

Осы аптада Алматы төріндегі "Балуан Шолақ" спорт сарайында Alash Pride Grand Prix 67 турнирі өтті. Аталмыш жарыста қазақ елінің спортшыларынан бөлек, көрші қырғыз бен өзбектен келген ММА шеберлері де бақ сынады. Орайы келгенде Alash Pride промоутерлік компаниясының президенті Данияр Қасқарауовпен тілдесудің сәті түсті.

- Данияр мырза, Alash Pride промоутерлік компаниясы - еліміздегі ең беделді компаниялардың бірі. Пандемияға қарамастан жуырда кезекті турнир жоғары деңгейде өтті. Алдымен "Балуан Шолақтағы" жарысты қорытындыласаңыз.

- Жарыс жақсы деңгейде өтті. Мақсат Есболатов пен Бобуржон Абдулазизов арасындағы кездесу тартысты болды. Ширек финалда Тимур Жапаров пен Баяман Жолдубеков арасында айқас та әдемі өтті. Негізі басында біраз ауыр салмақтағы спортшылар тартымды, қызықты болмады деген ойда қалдым. Қырғыз ММА шебері тез ұтылды. Одан бөлек, Ғалымжан Қанаев осыған дейін жаттығуда әдемі жекпе-жек көрсетіп жүр еді. Алайда ол да айқас кезінде өз деңгейін көрсете алмады. Сонымен қатар, басты жекпе-жекте еркін күрестен спорт шебері, Мәскеуде жақсы дайындықтан өтіп келген Серік Тілекеев те өз деңгейін көрсете алмады. Содан кейін финалға жолдама берілетін кездесуде екі қырғызстандық спортшы дұрыс айқас жүргізбегендіктен, екеуіне де ескерту бердік. Алайда екеуі ары қарай да белсенділік танытпағандықтан, жарыстан шеттеге тура келді. Осы орайда не себепті осындай шешім қабылдағанымызды түсінбей жатқандар бар. Біз әр қатысушының толық шығынын көтереміз. Және жарыстың басты көзірі Alash Pride белбеуі болған. Қалғандары рейтингтік жекпе-жектер. Ал олар болса бапкерлері, менеджерлерімен өзара сөз байласып, келісілген жекпе-жек өткізіп, финалға шықпақ болған. Арнайы Краснодардан кубокқа тапсырыс беріп жатырмыз. Чемпиондардың гонорары үлкен. Өкінішке қарай, екі спортшына ұйымдастырушыларды, қарсыластарды, көрермендерді сыйламағыны үшін жарыстан шығаруға тура келді. Қазіргі уақытта келесі айналымға кімнің жолдама алатынын шешіп жатырмыз.

- Зәмзәгүл Файзолланова мен Хожинисо Комолдинова арасындағы жекпе-жектен кейін өзбек қызы қарсылығын біразға дейін білдірді...

- Кезінде Зәмзәгүл UFC-ге бір қадам қалғанда тұрмыс құрған болатын. Міне, араға үш жыл салып үлкен спортқа қайта оралып отыр. Қарсыласы дебютант болса да жекпе-жектің оңай өтпейтінін алдын ала білдім. Өзбек қызына жеңіс ауадай қажет еді. Себебі, жеңіске жетіп көзге көрінген жағдайда ол PFL сияқты мықты промоушндармен келісім-шартқа отыруына жолы ашылар еді. Сондықтан Хожинисо аянып қалмады. Дзюдодан, самбодан Азия чемпионы. Бұл бәсеке шамамен тең дәрежеде өтті деп айтуға болады. Бірінші раундта таза өзбек қызы жеңіске жетті. Екінші раунд тартысты өтті. Ал кездесудің үшінші айналымында Зәмзәгүл мінез көрсете білді. Жақсы соққылар жасай алды. Екеуі де күрес әдісін жақсы пайдаланды.

- Қазіргі таңда Alash Pride промоушенінде қанша спортшы бар?

- Жалпы Түркістанда, Таразда, Семейде Alash Pride филиалдары бар. Әрқайсында жүзден аса спортшы жаттығады. Сонымен қатар, еліміздің басқа да аймақтарында спортшыларымыз бар. Бұйырса биыл Алматыда бірінші рет Alash Pride академиясы ашылады. Сондай-ақ, көрші елдің спортшылары біздің промоушнда өнер көрсету арқылы үлкен аренаға шығуына көп септігіміз тиіп келеді. Жалпы айтқанда Alash Pride олар үшін – үлкен баспалдақ деуге болады. Өзбекстандағы танымал Нұрсұлтан Оразимбаев, Азамат Нуфтиллаевтар бар. Қырғызстаннан да мықты спортшылар кезінде бізде болды. Қазір PFL лигасында жүрген тәжікстандық ММА шебері де бізден шыққан.

- Алдағы уақытта промоушеннің қандай жоспарлары бар?

- Амандық болса жыл соңына дейін орта деңгейдегі 4 халықаралық жарыс өткіземіз деп отырмыз. Пандемияға байланысты АҚШ, Бразилия елінің өкілдерін шақырмаймыз. Алайда Түркия, Грузия, Украина, Ресей, Дағыстанның спортшылары болады. Қазан айында Алматы облысы спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаевпен бірлесіп Шамалған ауылында үлкен жарыс өткізсек деген жоспарымыз бар. Ол турнирде Шымкенттегі 66 Grand Prix жарысының финалына шыққан Әділет Нұрматов деген спортшы өнер көрсететін болады.

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды