Әйгілі қазақстандық спортшылар карантин кезінде тойлап жүрген жерінде "ұсталып" қалды

Карантин кезінде Семейдегі мейрамханалардың бірінде түсірілген үйлену тойының видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео кадларынан қазақстандық спортшылар "Қазақстан Барысы" жеңімпазы Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсыновты көруге болады.

Сондай-ақ, тойда кем дегенде 100 адамның жүргені көрінеді. Олар маска тақпаған және әлеуметтік қашықты сақтамаған.

Полиция өкілдері Желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді.

"7 қарашада сағат 17:30-да арнайы бақылау тобы жүргізген рейд барысында Бегалин көшесінде орналасқан "Салтанат Сарайы" мейрамханасында той өткені анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша материалдар жиналып, процессуалдық шешім шығару үшін қалалық санитарлық-эпидемиялық қызметке жолданды", - деді полицейлер.

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды