Грекия астанасы Афинада өткен еркін күрестен IV халықаралық «ANACHARSIS 2026» турнирінде қазақстандық балуандар ел мерейін үстем етті, деп хабарлайды Vesti.kz.
32 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысқан додада Қазақстан намысын Auyl Sport жобасының 6 спортшысы қорғады. Нәтижесінде ауылдан шыққан бес жас балуан жүлде тұғырына көтерілді.
Алтын – Асанов Явуз – Алматы облысы, Іле ауданы, Екпінді ауылы
Алтын – Тажаддин Ерасыл – Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылы
Күміс – Серік Амир – Атырау облысы, Тасқала ауылы
Күміс – Ясыров Сұлтан – Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылы
Қола – Аманбай Берік – Алматы облысы, Іле ауданы, Байкент ауылы

Ал Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Софиевка ауылынан келген Омархан Әділ де халықаралық додада Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетті. Осы нәтижелердің арқасында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте І орын иеленді.
Жарыстан кейін жас балуандар үшін екі күндік халықаралық оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Қазақстан құрамасының U15–U17 жас санатындағы аға жаттықтырушысы Айдос Лекеров, АҚШ пен Грекияның аға жаттықтырушылары тәжірибелерін бөлісті.

Айта кетейік, ауыл балаларының спортпен кәсіби айналысуына мүмкіндік беретін Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қорының Auyl sport жобасының биыл үшінші маусымы басталып жатыр. Жоба 2024 жылы қолға алынған. Осы уақытқа дейін жобаға 20 мыңға жуық ауыл баласы қатысты. Биыл жобаның үшінші маусымы басталып, ауыл балаларына спорттағы жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жеңістерге жол ашып отыр.
Жарнама