Қазақша жаңалықтар
6 желтоқсан 2021 11:05

Аустрияда шаңғышылар 200 метр қар астында қалып қойған

©Pinterest

Аустрияда тауға көтерілген сегіз адам 200 метрлік қар қабатының астында қалып қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Үш шаңғышы қаза болды, тағы үшеуі жарақат алған, қалғаны шығып үлгерген екен. Қайтыс болғандар - Аустрияның 19-24 жас аралығындағы азаматтары.

Мәліметтерге сәйкес, олардың бәрі сенбіде Зальцбург федерал аймағына шаңғы тебуге барған 11 адамнан тұратын шаңғышылар тобына кірген.

Қыс мезгілінде қар көшкіні адам өміріне қауіп төндіреді. 2021 жылдың ақпанында көшкін Алматы облысында "Газелді" басып қалған болатын. Алайда ол кезде ешкім зардап шекпеген еді.

Осы оқиғадан кейін, екі күн өткен соң ШҚО-да қар көшкіні бір туристің өмірін қиды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport