"Бір күн бұрын Медеу шатқалына көтеріліп, дайындықтан өтіп, сол маңда шатыр тігіп дем алдық. Ертесіне таңғы бесте жолға шығып, тастан-тасқа өрмелеп, қармен алысып, бес сағаттан астам жүріп жеттік. Шыңға көтерілгенде ауа райы бұзылып, бұршақ аралас қар жауды. Орта жолда жаңбырға да тап болдық. Қорқыныш та жоқ емес. Дегенмен, бұл екінің бірінің қолынан келмейді. Нағыз шыдамдылықтың сыналар сәті",- дейді ол.
Айта кетейік, жыл өткен сайын альпиниадаға қатысушылар қатары көбейіп келеді. Шыңға көтерілгендерге Алматы қаласы спорт басқармасының арнайы сертификаты табыс етілді.