Атырау облысында футболдан кейін төбелесте 22 жастағы жігіт қаза болды

©

Сағыз ауылында футболдан жолдастық кездесуден кейін төбелес басталып, 22 жастағы жігіт қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі caspiannews.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ойын барысында жігіттер арасында жанжал шығып, кейін төбелеске ұласқан. Салдарынан бір адам ауруханаға жатқызылып, екіншісі, әскерден жақында оралған 22 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза болды.

Қылмыс жасады деген күдікпен 24 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Оған қатысты "Адам өлтіру" бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды