auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Астана" грек жаңғағын шаға ала ма?

"Астана" грек жаңғағын шаға ала ма?
сурет: Арис фк

Еліміздің алты дүркін чемпионы "Астана" клубы бүгін еурокубок маусымын бастайды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. УЕФА-ның жаңа турнирі саналатын Конференция Лигасында Андрей Тихонов баптайтын ұжым Грекияның "Арисін" қабылдайды.

Жалпы "Арис" – Грекия біріншілігінде үш рет (1928, 1932, 1946) чемпион атанған. Өткен маусымда Грекия біріншілігінде үшінші орын алған бұл команданың еурокубокте тәжірибиесі аз демесеңіз, әлеуеті өте жоғары. Араға 40 жыл салып бұл команда ішкі біріншілікте қола жүлдегер атанды. Соның арқасында еурокубокке қатысуға жолдама алып отыр.

Ал негізі 2014 жылы клуб қаржылық қиындықтарға тап болып, өзінің 100 жылдығын тойлап өте де алмай қалды. Амалсыз аудандық лигаларға дейін түсіп, қайта өрледі. Жылдам арада қайта шығып, біріншіліктің берік командаларының біріне айналды.

Трансферлік маусымда "Галатасарай", "Вердер" секілді командаларда ойнаған босниялық шабуылшы Изет Хайровичті қатарына қосты. Сонымен қатар, бразилиялық қақпашы Дени Сезер де Матос та "Арис" командасының намысын қорғайды. Бұлардан бөлек команданың негізгі ойынын жүргізетін аргентиналық легионерлерді де айта кетуіміз қажет. Бертольо Факундо мен Даниель Манчини секілді футболшылар жартылай қорғаныстың серкелері. Шабуылшы Димитриос Манос өткен біріншілікте 35 ойында 7 гол салып, команданың үздік сұрмергені атанды. 

Transfermarket сайтының мәліметі бойынша "Арис" аяқдопшыларының құны 13,55 млн еуроны құрайды. Матео Гарсия (1,8 млн еуро) команданың ең бағалы ойыншылар тізімін бастап тұр. 18 шетелдік футболшысы тіркелген команданың орташа жасы - 27,1.

Ал "Астана" еурокубоктегі 79-кездесуін өткізеді. Елордалықтар кәрі құрлық жарыстарында өз алаңында 21 рет жеңіске жеткен. Әр жылдары "Манчестер Юнайтед", "Ренн", "Легия", АПОЭЛ сынды азулы ұжымдар сарыарқа даласынан ұпайсыз қайтқан болатын.

Бұл матчта басымдық елордалықтарда деп айтуға болады. Себебі чемпионатта 19 ойын өткізген. Сонымен қатар, Қазақстан Кубогінде 2 кездесуі және бар. Одан бөлек, "Астана Аренада" жасанды төсеніш болғандықтан, алаң иелерінің бірінші ойында жеңіске жетуіне толықтай негізі бар. Тек әттеген-ай дейтіні, аталмыш матч жанкүйерсіз өтеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама