Қазақша жаңалықтар
9 қараша 2023 09:45

Ащы болса да шындық. Қазақстанда спортқа қанша қаржы бөлінетіні ашық айтылды

©olympic.kz

Қазақстанда мемлекеттің спортқа қанша бөлетіні айтылды, деп хабарлайды Vesti.kz

"Хабар 24" мәліметінше, елімізде жоғары жетістіктегі спортқа 775 миллион доллар бөлінеді екен, алайда мұндай нәтиже бізде жоқ. Бұл туралы депутат Нартай Сарсенғалиев премьер-министр Әлихан Смаиловқа жолдаған сауалында мәлімдепті. 

Депутат бюджеттің кәсіпқой спортқа да шашылып жатқанына назар аударды. Елімізде ресми түрде 180 спорт түрі тіркелген екен. Ал оның тек 50 түрі ғана жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіреді. Мәжілісмен бюджетін тек 15-17 спорт түріне ғана жұмсайтын елдерді мысал етті. 

"Министрлік бекіткен тізімді қысқартып, жемісі бар спорт түрлерін ғана қалдыруды ұсынамын. Ол олимпиадалық, ұлттық, пара және сурдлимпиялық спорт түрлері. Кәсіби клубтарға бөлінетін бюджетті шектеу қажет. Мәселен, футбол, хоккей, баскетбол клубтарына жылына "Самрұқ-Қазына" қорынан 65 млн доллар бөлінеді. Бұл "Самрұқ-Қазынаның" емес, халықтың ақшасы. Спортқа "мониторинг" түсінінгін енгізу керек. Өйткені құзырлы органдар аймақтарда жетекшілік ете алмайды", - дейді Сәрсенғалиев. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport