"Ардавичус жасырынып жүр". Антикоррупция қызметі миллиардтарды жымқыру бойынша мәлімдеме жасады

© "Астана" ПКСК
"Дакар-2012" ралли-рейдінің қола жүлдегері Артур Ардавичус халықаралық іздеуде жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов айтты.

Ведомство Ардавичустың 2 миллиард теңгеден аса қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

"Ол халықаралық іздеуде жүр, 2  миллиард теңгеден аса қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта жасырынып жүр. Бір айдан аса уақыт бойы байланыста болды. Оны осында шақырдық, алайда ол келуден бас тартты. Ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Сондай-ақ, бұл істе одан бөлек басқа да күдіктілер бар. Олар жайлы кейін айтамыз", - деді Сергей Перов.

Перовтың мәліметінше, Ардавичус бірнеше рет жауап беру үшін шақыртылған, алайда шетелден келуден бас тартқан.

Tengrinews.kz редакциясы Артур Ардавичуспен байланысқа шықпақшы болды, алайда одан жауап жоқ.

"Аталған мән-жайларды және Ардавичус мырзаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететін жеткілікті негіздерінің болуын ескере отырып, оған қатысты сырттай "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы санкцияланды. Халықаралық іздеу жариялау туралы материалдар сотқа жіберілді", - деген еді ол.

Мұның алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2016-2017 жылдары Қазақстан автоспортын дамытуға бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің екінші департаментінің басшысы Сергей Перовтың айтуынша, Ардавичус бірнеше рет жауап алуға шақыртылған, алайда шетелден келуден бас тартқан.
Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды