Аңызға айналған Бостон марафонына алты қазақстандық қатысты

©Reuters

Қазақстанның алты азаматы аңызға айналған, әлемдегі ең көне, ең беделділердің бірі саналатын Бостон марафонында жүгірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

125-ші Бостон марафоны 11 қазанда өтті. Оған 20 мыңға жуық адам қатысты.

 42 шақырым 195 метр қашықтықты бағындырған қазақстандықтар арасында "Алматы марафонының" директоры Салтанат Қазыбаева, Қазақстанның АҚШ-тағы вице-консулы Ерлан Өтегенов, Асқар Есеркенов, Әлия Айтқазина, Данияр Өтеулин мен Бағдат Ахметов бар.

Бостон марафонына сертификатталған марафондардан іріктеуден өту арқылы (әр жас санаты бойынша іріктеу уақыты бар) немесе қайырымдылық арқылы (қайырымдылық 7-9 мың доллардан басталады) қатысуға болады.

Бостон марафоны дәстүрлі түрде сәуір айының үшінші дүйсенбісінде мемлекеттік мереке - Патриоттар күнінде өтеді. 2020 жылы пандемияға байланысты тоқтатылып, биыл қазан айына ауыстырылды.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды