"Антикорға өзім жаздым". Серік Сәпиев министрліктегі орынбасарларының ұсталғаны жайлы
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Youtube-тегі Динара Сәтжанның арнасына берген сұхбатында жемқорлықтың бетін қалай ашқанын айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Youtube-тегі Динара Сәтжанның арнасына берген сұхбатында жемқорлықтың бетін қалай ашқанын айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
2020 жылы мамырда ақша жымқырғаны үшін оның орынбасарлары ұсталды. Ол кезде Сәпиев ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің төрағасы қызметінде болған. Жақында ол бұл қызметін босатты.
- Екі орынбасарыңды ұстады. Қылмыстық іс қозғалды. Көбі сені қызметіңнен сол кезде кетеді деп күтті. Ол оқиғаларды орныңнан қазір кетіп отырғаныңмен байланыстыруға бола ма?
- Екі орынбасарымның ұсталғаны туралы айтқанмын, бірақ, толықтай емес. Орайы келгенде тарқатып баяндайын. Екі орынбасар - екеуі де бір қызметте. Біреуі маған дейін орынбасар болған, кейін осы қызметке екіншісі келген. Құрылыспен байланысты орын. Олар былтыр ұсталды, алайда, ол оқиға бұрынырақ бастау алған екен. 2019 жылы мен комитетке келдім. Сосын жыл соңында Риддердегі мектеп интернаттың құрылысында түсініксіз жағдай болып жатқанын байқадым. Құрылыс тоқтай берді, банк кепілімен қиындықтар, нысанды салып жатқан ЖШС жетекшісі ауысты. Мұнда жемқорлық жағдайы барын сездім. Сосын Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Алик Шпекпаевтың өзіне жеке жаздым, араласып, осы жағдайды тексеруін сұрадым.
- Осыдан кейін тергеу басталды ма?
- Біраз уақыттан кейін орынбасар болған екеуін ұстады. Бұрын істегені де, сол кезде қызмет атқарып жатқаны да. Сосын сот процессі басталды. Тексеріс бәрібір болатын еді деп ойлаймын. Өйткені ақша төленгенімен, құрылыс жүрмеді. 300 миллиондай сомма. Сосын сот шешімі шығып, екеуі сотталды.
Жарнама