Қазақша жаңалықтар
10 шілде 2025 15:24

Әмір Маймұратов Польшадағы Әлем кубогінің ширек финалына дейін жетті

©ҚР ҰОК

Жақында спорттық құзға өрмелеуден Краков (Польша) қаласында Әлем кубогының төртінші кезеңі өтті. 

Аталмыш жарысқа Қазақстан атынан жеті спортшы қатысты.

Жылдамдық санатында өнер көрсеткен Әмір Маймұратов іріктеу кезеңінде үшінші нәтиже көрсетті. Ал жарыстың негізгі бөлімінде отандасымыз ширек финалға дейін жетті. 

Сонымен қатар Ришат Хайбуллин мен Бекнұр Алтынбеков іріктеу кезеңінен өткен болатын. Алайда қос спортшы да негізгі бөлімде жарыс жолынан шығып қалды. 

Әлем кубогы кезеңінде бірінші орынды индонезиялық спортшы Рахарджати Нурсамса иеленді. Киромал Катибин (Индонезия) екінші орынға жайғасса, жапониялық Рё Омасо үздік үштікті түйіндеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport