Америкалық журналистер Альвареске 2019-дың жыл спортшысы атағын берді

© Vesti.kz/Тұрар Қазанғапов

Америкалық журналистер қауымдастығы (BWAA) "Жыл боксшысы - 2019" номинациясы бойынша жеңімпазды анықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz vRINGe.com ақпараттық порталға сілтеме жасап. 


Жеңімпаз Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) атанды. Өткен 12 айда ол екі жекпе-жек өткізіп, нәтижесінде америкалық Дэниел Джейкобсты ұпай бойынша және ресейлік Сергей Ковалевті 11-ші раундта нокаутқа түсіріп, жеңді. 


Бұған дейін мұндай атақты Альвареске The Ring, ESPN, Sports Illustrated және басқалары берген. 


Айта кету керек, Альварес BWAA марапатын соңғы 32 жылда иемденген алғашқы мексикалық спортшы. Оған дейін 1987 жылы үлкен Хулио Сесар Чавес үздік атанған. 


Сонымен қатар, жылдың үздік жаттықтырушысы болып Альварестің бапкері Эдди Рейоносо танылды. Бұл да сыйлық тарихында боксшысы мен жаттықтырушысы мексикалық болған алғашқы оқиға.

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды