Америкалық футболшы спорт тарихындағы ең үлкен келісімшартқа қол жеткізді

Сурет: First & Goal
Ұлттық футбол лигасында "Канзас-Сити Чифс" намысын қорғайтын Патрик Махоумс клубпен 502 миллион долларға 10 жылдық жаңа келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл спорт тарихындағы рекордтық келісімшарт. 

Мұның алдындағы рекорд бейсболшы Майк Тратуға тиесілі еді. Ол 2019 жылы "Лос-Анджелес Энджелс" командасымен 430 миллион долларға 12 жыл ойнайтын болып келіскен болатын. 

24 жастағы Махоумстың келісімшарты 2022 жылдан бастап күшіне енеді. Қазіргі келісімшарты бойынша ол алдағы екі маусымда 27,6 миллион айлық алады. 

"Канзас-Сити" өткен жылы Ұлттық футбол лигасының чемпионы атанған болатын. Финалдық кездесуде, яғни Суперболда бұл команда "Сан-Франциско Форти Найнерс кқмандасынан үстем түсті. Ал Махоумс болса кездесудің ең құнды ойыншысы атанды. 




Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды