Альварес Ковалевпен жекпе-жегінде бұрынғы әлем чемпионын таңғалдыра алмады

Сурет: Reuters

Екінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Карл Фроч жақында болған Сауль "Канело" Альварес пен Сергей Ковалевтің жекпе-жегі жайлы ойын бөлісті. Британдық спортшының айтуынша, ресейлік боксшы ұпай бойынша алда болған. Сондай-ақ, Фроч кезінде Альвареспен жұдырықтасса, оны жеңетінін айтты.


"Ковалев пен Альварестің жекпе-жегін көріп отырғанда, Сауль таңғалдыра алмады. Менің ойымша, екеуі бірдей дерлік өнер көрсетті, бірақ Альварес бұл жолы жеңілген сияқты. Бұл дивизионда ол баяу көрінді. Ол менімен жұдырықтасқан Артур Абрахамды еске түсірді. "Канеломен" жұдырықтассам, оны джебтің көмегімен алыс қашықтықта ұстап, соққыларын қарсы алар едім. Бұл өте оңай жеңіс болар еді", - деп Фрочтың сөзін келтірген "Чемпионат" Boxingnews24.com сайтына сілтеме жасап. 


Айта кетейік, 3 қарашада Альварес Ковалевті нокаутқа түсіріп, төртінші дивизионда әлем чемпионы атанған.

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды