"Алтын Тұғыр-2021" ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтпек

©

2021 жылдың 30 қарашасында "Қазмедиа" орталығының концерттік залында "Алтын Тұғыр-2021" ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтпек.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастыруымен өтетін "Алтын тұғыр"ұлттық спорт сыйлығын тапсыру шарасы биыл сегізінші мәрте өтеді.

Марапаттау рәсімінде 15 номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, "Алтын тұғыр" сыйлығы табыс етіледі. Салтанатты шарада көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, бәйге және құсбегілік спорт бойынша жыл үздіктері, сондай-ақ, "Үздік төреші", "Үздік жаттықтырушы", "Үздік федерация", "Үздік жоба" есімдері аталмақ.

Сонымен бірге, "Алтын тұғыр" аясында ұлттық спортқа елеулі үлес қосқан азаматтарға "Елімжан" сыйлығы тапсырылып, дәстүрлі ойындарымыздың насихатына атсалысқан бұқаралық ақпарат құралдарына арнайы сыйлық беріледі. 

"Алтын тұғыр" мақсаты – атқа міну мәдениетін өркендетуге, ат спортын дамытуға еңбек сіңірген азаматтардың есімдерін ардақтау. Шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері шақырылған. Салтанатты кеште елімізге танымал сахна саңлақтары өнер көрсетеді.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды