Қазақша жаңалықтар
2 маусым 2017 17:32
 
Алматылық балғамен Головкиннің бейнесін жасады

  Пікірлер

blog.share

Алматылық балғамен Головкиннің бейнесін жасады

Алматылық шебер қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ерекше бейнесін салған..

Сурет авторы Алмат Талғатбекұлы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында үш метр болатын суретті салуға 45 күн және 50 мың шеге жұмсағанын айтты. Боксшы бейнеленген суреттің салмағы 150 келі болған.

Алмат Талғатбекұлы бұл суретті сатуға ниетті еместігін, алайда, көпшілік назарына ұсынуға қарсы еместігін айтады.

"Әзірше бұл суретті сататын ойым жоқ. Суретті аяқтадым, бүгін-ертең жиектерін жасаймын. Жасауын жасадым, енді, бес адамнан тұратын менің отбасым ғана емес, жұртшылықтың тамашалағанын қалаймын", - дейді ол.

"Головкин - темірдей мінезді адам! Суреттің аты "Темір Гена", - деп атап өтті суретші.

Суретті неге дәл осы стильде салдыңыз деген сұраққа Азамат Талғатбекұлы өзін суретші емес, шыдамды адам деп есептейтінін айтып жауап берді.

"Арқам мен мойным әлі ауырып жүр. Бірақ бұл еңбек соған лайықты", - деп аяқтады сөзін автор.

Жарнама

Живи спортом!