Алматыда табиғат аясында жүгіруден алғашқы Tau Jarys өтті

©Константин Чалабов

29 мамырда Алматы облысында табиғат аясында жүгіруден Tau Jarys фестивалі өтті. 1000-ға жуық адам қатысқан отбасылық шара - "Алатау" шаңғы-биатлон кешенінде болды. Ұйымдастырушы - "Бірінші болу - батылдық" корпоративтік қоры.

Барлық қонақ жаңбырлы күнге қарамастан спортпен қатар көркем табиғатты тамашалады. 

Қатысушылар 2 шақырым (14-17 жас), 6,5 шақырым және 13 шақырым қашықтықта жарысты.

 13 шақырым қашықтықта ерлер арасында Данияр Орманғали (45 минут 11 секунд), әйелдер арасында Мәдина Керімова (56 минут 36 секунд) абсолют жеңімпаз атанды. 6,5 шақырым қашықтықта әйелдер арасында Рахымжан Келманов (22 минут 15 секунд) пен Диана Айдосова (27 минут 12 секунд) мәреге бірінші жетті.

Балалар арасында 2 шақырым қашықтықта Рамазан Айнегенов (4 минут 17 секунд), Дарья Мыльникова (5 минут 47 секунд) жеңімпаз атанды.

60-тан аса спортшы жас санаттары бойынша жүлделі орындарға ие болып, барлық қатысушы мәрелік жүлделерін алды. Жарыстың қорытындысы almaty-marathon.kz сайтында жарияланған.

 

"Tau Jarys біз бағындырған жаңа шыңға айналды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан бәрі керемт өтті. Өйткені, бұл жай ғана жарыс емес, барлық жастағы қонақтарға арналған отбасылық фестиваль", - дейді Алматы марафонының директоры Салтанат Қазыбаева.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды