auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Алматыда ММА шеберлері бас қосады

Алматыда ММА шеберлері бас қосады
©сурет: Alash Pride

Бұл додаға тек Қазақстанның ММА спортшылары ғана емес, алыс-жақын шетелден де файтерлер келеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап. Осы жарыс туралы Аlash Pride промоутерлік клубының президенті Данияр Қасқарауовтың пікірін білген едік.

"Эпидемологиялық жағдайдың күрделігіне байланысты екі рет осы турнирді кейінге шегеруге тура келді. Алғашында 7 тамыз күні өткіземіз деп жоспарлағанбыз. Алайда 2 тамыздан бері Алматы қаласында локдаун жарияланған. Бүгінгі күні де жағдай күрделі. Сондықтан турнирге көрермен кіре алмайды. Алайда көрермендерге алаңдауға себеп жоқ. QAZSPORT арнасы тікелей эфирде трансляция таратуды жоспарлап отыр", - дейді Данияр Қасқарауов.

Оның айтуынша, Аlash Pride Grand Prix 67 турнирінде рейтингтік жекпе-жектер үшін сегіз бұрышқа Мақсат Есболатов, Серік Тлекеев, Ғалымжан Қанаев, Бауыржан Қалмұрзаев (бәрі де – Қазақстан), Бобы Құрбанов, Азамат Нуфтиллаев, Бобыржон Абдулазизов, Муроджон Ахмедов, Жәнібек Номозов (бәрі де – Өзбекстан), сондай-ақ, Медербек Нұрмаматұлы (Қырғызстан) қатысады.

Ал Grand Prix жүлдесін жекпе-жек түрлері бойынша халақаралық турнирдің жеңімпаздары өзара сарапқа салады. Қазақстаннан – Ерасыл Шұқатаев (9-2), Ержан Шапауов (4-0), Тимур Жапаров (5-2-1), Ерзат Шашубаев (дебют) бақ сынаса, Қырғызстаннан – Қылым Алтымышұлы (3-0), Аргент Маратбекұлы (16-9), Баяман Жолдубеков (3-0), Ақылбек Ысманалиев (3-0) қатысады. Өзбекстан намысын Шухрат Оринбоев (4-0), Жасур Каримов (6-3), Лазизхон Узбеков (дебют), Исроилжон Расулов (дебют) қорғайды.

Арулардан қазақстандық Зәмзәгүл Файзолланова мен өзбекстандық Комолдинова арасында өтеді.

"Зәмзәгүл – өзінің мықтылығын бірнеше рет дәлелдеген тәжірибелі спортшы. Ал өзбекстандық қарсыласы үшін бұл жекпе-жек ММА-дағы алғашқы жұдырықтасуы болмақ. Файзолланованың шеберлігіне күмәнданудың қажеті жоқ. Бірақ тәжірибе мен жастықтың қайсысы алдыға шығатынын уақыт көрсетеді. Зәмзәгүл ұзақ үзілістен кейін сегіз бұрышқа оралып отыр. Сондықтан дебютантпен бәсекеде өзінің жауынгерлік дайындығы мен жеңіске деген ұмтылысын барыныша көрсету керек болады", - деді Данияр Қасқарауов.

Естеріңізге салсақ, ALASH PRIDE – Қазақстандағы ММА бойынша ең ірі спорттық ұйым. Осыған дейін 40-тан астам әртүрлі турнир өткізген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама