Келесі жылдың 21 сәуірінде Алмытады жыл сайынғы Almaty Half Marathon 2024 жарысы жетініш рет өтеді. Бұл спорттық оқиға AIMS Халықаралық жарыстар мен жүгірулер қауымдастығы шарасына кіреді, ал марафон трассалары World Athletics стандарттарына сәйкес сертификатталған.
Алдағы көктемде өтетін жарыста төрт қашықтық беріледі: 21,1 шақырым (жартылай марафон), 10 шақырымға жүгіру, 10 шақырым скандинавиялық жүріс және Экиден командалық эстафетасы. Жартылай марафонға жасы он сегізден асқан кез келген адам қатыса алады. Аталған төрт жарыс түрінен өзгесіне 15 жастан бастап қатысуға рұқсат беріледі.
Марафонға қатысушылар шаһардағы қайталанбас таулар мен көрнекі жерлерінен ашылатын әсем тарихи жерлерден жүгіріп өтеді. Almaty Half Marathon дәстүрі бойынша сөре мен мәре әртүрлі жерлерде орналасады. Атлеттер сөресі Әл-Фараби даңғылындағы Тұңғыш Президент саябағынан басталады, ал мәре Орталық стадионда болады (Сәтбаев көшесі 29/3). 21 шақырымдық трассасының бейіні оңай емес, ол жоғары қарай 108 метр өрлейді.
Almaty Half Marathon 2024-те өз қашықтығын жүгіріп өткен барлық қатысушылар мәре сызығында медаль алады.
Барлық қашықтықтағы жас санаттары бойынша жүлдегерлер, сондай-ақ абсолют санаттағы жеңімпаздар серіктестер мен демеушілердің бағалы және ақшалай сыйлықтарымен марапатталады.
Сәуірде өтетін жартылай марафонға қатысушылардың жалпы саны 8000 адамға дейін жетеді деп күтілуде.