Қазақша жаңалықтар
23 қараша 2017 12:33
 
Алматы облысында құсбегілер арасында "Сонар-2017" турнирі өтеді

  Пікірлер

blog.share

Алматы облысында құсбегілер арасында "Сонар-2017" турнирі өтеді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздеріміздің 25 жылдығы және Алматы облысындағы «Жалайыр Шора» Бүркітшілер мектебінің 30 жылдығына арналған «Саят» Ұлттық спорт түрлері бойынша «Сонар-2017» Халықаралық Құсбегілер жарысы.

Осыдан 30 жыл бұрын республикамызда тұңғыш рет Алматы облысында Жалайыр Шора атындағы Бүркітшілер мектебінің негізін белгілі этнограф: Жағда Бабалықұлы, қоғам қайраткері, Заманбек Батталханұлы, айтулы бүркітші қариялар: Сәрсебек Дәулетбақұлы, Шәкен Ошанбайұлы, Тоқтасын, Молдажан, Мәметовтер, Әбен Тоқтасынұлы, Байжүніс, Сейітжан Көдековтер қалап, бүгінде «бүркітшілер ауылы» атанып кеткен облыстың Нұра ауылының азаматтары, журналистер: Сүлеймен Мәмет пен Бағдат Мүптекеқыздары игілікті істің өркендеуіне бүгінге дейін белсене ат салысып келеді. Міне, содан бергі уақытта біршама айтарлықтай шаралар атқарылды. Ұлттық спорттың бір түрі ретінде Ережесі бекіп, жыл сайын өтетін спорттық жарыстардың Күнтізбелік жоспарына енді.

2005 жылы осы мектептің негізінде «Қыран» Федерациясы құрылып, бабадан қалған бағзы өнерді ұрпақ санасына қалыптастыру, бай мұрамызды жинастырып, кеңінен насихаттау бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде киелі Қыранды әлем танып, сан ғасырларға созылған қазақтың бай тарихы, мәдениетіне деген өзгелердің қызығушылығы артып келеді. Әлемдік деңгейде, өткен жылдың соңында ЮНЕСКО-ның қорғауына алынды.

Биыл Мемлекеттік Рәміздеріміздің қабылданғанына-25 жыл толып отырған мерекелі жылда, Елбасы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» Бағдарламасы да қарапайым халықтың тарихқа, мәдениетке, рухани дүниеге деген қызығушылығын тудырып, үлкен қуаныш сыйлап отыр.

Алматы қаласында - 24 қараша күні ҚР«Қансонар» Қауымдастығы, Алматыдағы Зоология ғылыми-зерттеу институты және «Қыран» Федерациясы ұйымдастырып отырған «Қыран құстармен аң аулаудың тарихы: бүгіні мен ертеңі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға республикадан бөлек, біршама шет елдерден баяндамашы-ғалымдар Ескелді ауданына қарасты «Сырымбет» ауылында 24-26 қарашада өтетін «Сонар-2017» Бүркітшілердің Республикалық жарысына қатыспақшы, сонымен бірге көршіміз - қырғыз елімен қатар, Манғолия, Қытайдан бүркітшілер келуге ықылас білдіріп отыр.

Үш күнге созылатын дәстүрлі шараны өткізу барысында, биыл Елбасы, Президентіміздің «Рухани жаңғыру» Бағдарламасына орай, Бүркітшілікті тек ұлттық спорттың бір түрі деп қана қоймай, рухани жаңғыру – бабадан қалған бағзы өнер- қазақтың сал-серілік өнерінің бір саласы осы саятшылықтың өрісін кеңейтіп, ұрпақ санасына қалыптастыру мақсатында, «жігітке тән -жеті өнерді» бір бойына жинаған, қолдарына қыран қондырып, жүйрік аттың жалында ер жеткен, құмай тазысын соңына ертіп, туған халқын ән-жыр, ұлттық ойындарымен тербеткен Құсбегілеріміздің сал-серілік өнерін тамашалайтын болады.

Жарыс екі кезеңнен: қыран құстың аңға түсу шеберлігі, құсбегімен ара-қатынасы, шырға тарту (бірінші кезең), қоянға салу, түлкіге салу - финалдық кезеңнен тұрады.

25 қарашада сағат 14.00-ден бастап, құсбегілердің асау үйрету, көкпар, жамбы ату, аударыспақ ойындары мен қазақтың аңшы иттерінің көрме-жарысы, ал кешкі сағ. 18.30- дан бастап, ән-күй, жыр өнерлері ортаға салынады.

26 қараша күні Алматы облыстық Әкімдігі Спорт басқармасының «Саят» ұлттық спорт түрінен бүркіт, қаршыға, ителгі салудан алға шыққан жеңімпаздарға бөлінген ақшалай сыйақыдан бөлек, бар өнерді бір бойына жинаған өнерлі жігіттерге ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы, ҚР «Қансонар» Аңшылар Қауымдастығы және «Қыран» Федерациясы Біржан сал, Ақан сері, Қапез сал атындағы арнайы сыйлықтар тағайындап отыр.

Еліміздің болашағы-жас ұрпаққа көк Туымызда қанат қаққан қасиетті Қыранның қайтпас рухын, қырағылығын, биіктігін бойына дарытамыз десек, қазақтың саятшылық, құсбегілік секілді ұлттық құндылығын жан-жақты насихаттауымыз қажет.

Алматы облысында биыл 20-шы рет өткізілгелі отырған Құсбегілердің жарысына Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл,Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласынан 70-тей бүркіт, 10-нан аса ителгі, бидайық, қаршығасымен құсбегілердің құрама командалары қатысады.

Жарнама

Живи спортом!