Алина Әділханова Азия чемпионы атанды

сурет: Данияр Майлыбаев

Бұл күндері Ташкентте көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтуде. Сары құрлық додасында қазақстандық арулар жоғары нәтиже көрсетіп жатқанын атап өткен жөн. Мәселен Алина Әділханова ұршық жаттығуында қарсыластарынан жоғары ұпай жинап, жеңіс тұғырының биік сатысына көтерілді. Екінші орын жарыс қожайыны Тахмина Икрамоваға бұйырса, үздік үштікті аспан асты елінен келген Ятинг Жао түйіндеді. Сонымен қатар, Алина шығыршық пен доп категорияларының финалына шығып, екеуінде де күміс жүлдегер атанды.

Тағы бір отандасымыз Адиля Тілекенова таспа бойынша сынға түсіп, қола медальмен марапатталды. Еске салсақ, Өзбекстан астанасындағы жарыс Токио Олимпиадасына жолдама берілетін лизенциялық турнир болып табылады. Байрақты бәсеке маусым айының 11-ші жұлдызы аяқталады.

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды