Қазақстандық супермарафоншы Марат Жыланбаев Астанада тұтқындалды, деп хабарлайды Vesti.kz астананың ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап. Ол екі айға қамауға алынды.
"2023 жылдың 25 мамырында Астана қаласының ауданаралық арнайы тергеу соты күдікті Жыланбаевқа қатысты екі айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын тағайындады", - делінген сот хабарламасында.
Жыланбаев әлемдегі ең үлкен шөлдерді жалғыз өзі жүгіріп өткен адам ретінде танымал. Ол Қарақұм, Сахара, Үлкен Виктория және Невада шөлдерін еңсеріп, Гиннесс кітабына енген жеті рекорд жасаған. Ол бір жылда жәй марафоншыдан супермарафоншы дәрежесіне өте алатындай өзінің жүгіру әдісін жасады және әлмдік деңгейдегі жетістіктерге жете алды. Жыланбаев Жер шарындағы ең мықты және ең шыдамды адам деп мойындалған. Алайда 1995 жылы спорттық карьерасын аяқтап, қоғамдық қызметке бет бұрады.