Александр Винокуров IRONMAN әлем чемпионы болды

Александр Винокуров IRONMAN әлем чемпионы болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олимпиада чемпионы Александр Винкоуров 45-49 жас аралығында IRONMAN әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. 

Қазіргі уақытта үлкен триатлонда маусымның басты старты Коне (Гавай, АҚШ) қаласында өтіп жатыр. Олимпиада чемпионы өз қоржынына Ironman ең басты турнирінде әлем чемпионы бас жүлдесін салды. Винокуров 3,8 шақырымды 1:09:06-да жүзіп өтті. Осының арқасында ол 148-ші орын алды.

Винокуров велокезеңде өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Александр 180 шақырымды 4сағат 21 минут 6 секундта бағындырды. Осы жарыста қазақстандық спортшы көшбасшы болды. 

Жүгіру кезеңі, марафон кезінде, Винокуров 3 сағат 12 минут 17 секундта мәреге жетті. Жарыстың үш кезеңіне жұмсаған уақыты 8:48:24. Өз жасындағылар арасында ол үздік нәтиже көрсетті. Ал барлық қатысушылар арасында ол 43-ші болды. Былтыр, ол осы жарысты 9 сағат 13 минут 38 секундта бағындырып, алтыншы болған еді. 

Айта кетейік, Коне қаласында өткен әлем біріншілігіне қазақстандық Дина Саян, Павел Артюшенко және Алексей Сидоренко қатысты. Олардың нәтижесі мәре сызыған жеткен уақытта көрсетіледі. 

Фото және видеоны "Алматы Марафон" директоры Салтанат Қазыбаева жолдады. 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды