Қазақша жаңалықтар
16 шілде 2021 19:06
 
"Әлі де сенер емеспін". Олимпиадаға ойда жоқта жолдама алған спортшы

  Пікірлер

blog.share

"Әлі де сенер емеспін". Олимпиадаға ойда жоқта жолдама алған спортшы сурет: avestnik

Токио Олимпиадасында жүзуден ел намысын қорғайтын спортшылар арасында Диана Назарова да бар. Ол 100 метрге шалқалап жүзуден сынға түседі. Осы орайда, Olympic.kz спортшының дүбірлі дода алдындағы жағдайымен танысқан болатын. 

"Лицензия алғаныма өте қуаныштымын. Әрине, мұндай қуанышты жайт боларын күтпедім. Қайталап айтамын, әлі де сене алар емеспін. 2-16 шілде аралығында Олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиынына қатыстым. Бүгін Токиоға жолға шығамыз. Басты міндетіміз – жақсы нәтиже көрсету", - дейді Назарова.

Айта кетейік, Диана Назарова Олимпиада ойындарына қандай да бір нормативті орындамай-ақ жолдама алды. Атап айтар болсақ, ол Олимпиадалық хартиядағы гендерлік теңдікті сақтауға қатысты пункт бойынша лицензияға иелік етті. 

Жарнама

Живи спортом!