Қазақша жаңалықтар
9 шілде 2019 13:51

Ақтөбеде жүзуден және волейболдан жарыстар өтті

Қалада жүзуден және волейболдан ашық біріншілік ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"


Жарысқа Sayahat жағажайына келген кез келген ақтөбелік қатысты.
Шаһар басшысы Мавр Абдуллин спорттық шараны құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жүзуден сайысқа қатысқандар үш жас санаты бойынша іріктелді. 18-35 жас санаты бойынша Алексей Швивцев абсолютті чемпион атанды. 36-49 жас санаты бойынша қалалық бөлімінің басшысы Евгений Гончаров мәреге бірінші боп жүзіп келді. Ал қалада болатын барлық спорттық шараларға қатысатын Владимир Михайлов 50 және одан жоғары жас санаты бойынша үздік атанды.

Қыздар арасында 3 шақырымға жүзген Нұргүл Орынбасар ерекше көзге түсті.

Барлық қатысушыларға мәреге жеткендері үшін медаль табысталды, ал жеңімпаздарға 10 мың теңгенің сертификаты сыйға берілді.