Қазақша жаңалықтар
23 тамыз 2017 13:48
 
Карина Горичева - Универсиаданың күміс жүлдегері атанды

  Пікірлер

blog.share

Карина Горичева - Универсиаданың күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық ауыр атлет Карина Горичева Тайбэйде өтіп жатқа жазды Универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Жазғы Универсиада ойындарына отандасымыз өзіне жаңа 69 келі салмақта өнер көрсетті. Орайы түскенде айта кетейік, бұған дейін ол 63 келіде сынға түсіп, Риода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған болатын. 

Тайбэйде өтіп жатқан Универсиада ойындарының бірінші сайысында отандасымыз қарсылас шақ келтірмеді. Жұлқа көтеру сайсында 108 келіні бағындырып, бірінші орынмен аяқтады. Екінші орында бұл сында жергілікті ауыр атлет Ван-Тин Хун 101 келімен алса, 97 келі көтерген корей қызы Чун Чжон үздік үштікті түйіндеді. 

Жұлқа көтеруде жаңылмаған отандасымыз серпе көтеру сайысында сыр берді. Ол бірінші мүмкіндігінде 118 келіні төбесіне көтергенімен, екінші және үшінші мүмкіндіктерінде 122 келіге тапсырып беріп, бұл салмақты бағындыра алмады. 

Ал Ван-Тин Хун болса бұл жаттығуда 126 келіні еңсеріп, қоссайыстың қортындысы бойынша алтын медальді еншілеп кетті. 

Жарнама

Живи спортом!