27 жастағы боксшы ауыр нокауттан кейін көз жұмды

© Fightnews.info

Америкалық боксшы Патрик Дэй ауыр нокаутқа түскеннен кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

27 жастағы Дэй 12 қазанда Чикагода америкалық Чазз Уизерспун мен украиналық Александр Усиктің кешінің андеркартында өткен ұрыста отандасы Чарльз Конвеллмен кездесуге шығып, нокаутқа түскен. Жеңілген боксшы ессіз күйде болды және оны зембілмен рингтен шығарған.

Жекпе-жектен кейін Дэйдің жағдайы нашарлап, ауруханаға жатқызылған еді. Операциядан кейін боксшы комада болды, бірақ өз-өзіне келе алмады.

"WBC және оның президенті Маурисио Сулейман Патрик Дэйдің қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтады. Ол бүгін 12 қазанда бассүйек-ми жарақатының салдарынан қайтыс болды. Бұл қиын уақытта Патрик отбасымен біргеміз", - делінген WBC сайтындағы хабарламада.

Кейін Геннадий Головкин америкалық боксшының отбасына көңіл айтты. "Біздің отбасымыз, достарымыз және Патрик Дэйдің командасына қайғырып көңіл айтамыз. Жаның тыныштық тапсын, Пэт", - деп жазды Головкин Twitter-де.

Дэй 2013 жылы кәсіпқойларда дебют жасаған, содан бері 22 айқас өткізді, олардың 17-сінде жеңіске жетіп, төртеуінде жеңіліс тапты және бір жекпе-жекте тең түскен. 2018 жылдың ақпан айында америкалық ресейлік Исмаил Әлиевті жеңіп, бірінші орта салмақта IBF Inter-Continental және WBC Continental Americas титулдарын иеленген.

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды