25 миллион? Олимпиадалық комитет Головкиннің айлығына қатысты мәлімдеме жасады
2004 жылғы Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев "Уақыт көрсетеді" YouTube-арнасына берген сұхбатында Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкиннің айлығы туралы айтты.
2004 жылғы Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев "Уақыт көрсетеді" YouTube-арнасына берген сұхбатында Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкиннің айлығы туралы айтты.
"Нақты білмеймін, бірақ Головкиннің ҰОК-дегі жалақысы – 20-25 миллион теңге шамасында", – деді Артаев.
Кейіннен Қазақстан Республикасы ҰОК бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді.
"Геннадий Головкин президенттік қызметті ерікті негізінде атқарады. Оның қызметіне ақша төленбейді. Оның мотивациясының қаражатқа да, саяси мансапқа да қатысы жоқ. Ең алдымен оның жұмысы қазақстандық спортқа қолдау көрсетуге, сондай-ақ, Қазақстан ҰОК-тің халықаралық спорттық қоғамдастық алдындағы беделін нығайтуға бағытталға"н, - деген мәлімдемеде.
Өз қызметіне кіріскен бойда Геннадий Головкин ҰОК-тің мемлекеттік бюджет ақшасына үміттенбейтінін ашық айтқан. Ұйымның қызметі Г. Головкиннің қатысуымен тартылған демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асатынын да хабарлады.
Жарнама