2020 жылғы Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің басшысы қамауға алынды
2020 жылы Токиода өткен Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің басшысы Харуюки Такахаси пара алды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Lenta.ru.
2020 жылы Токиода өткен Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің басшысы Харуюки Такахаси пара алды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Lenta.ru.
78 жастағы Такахаси жергілікті ерлердің киімдерін дайындайтын AOKI Holdings өндіріс орнынан үлкен көлемде пара алды деп айыпталуда. Пара беру арқылы компания ұйымдастырушылар тарапынан үлкен көлемде тапсырыс алған.
Такахаси бұл қызметте Есиро Моридің орнына Олимпиада басталар алдында келді. Өз кезегінде Есиро жыныстық қатынасқа қатысты басы дауға қалып, қызметінен кетті.
Еске салайық, Токиодағы Олимпиада әлемдегі коронавирус індетіне байланысты 2021 жылға ауыстырылған болатын. Сөйтіп, Олимпиада былтыр 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтті.
Жарнама