2019 жылы әлемдік футболда ең көп көрермен жиналған ойындар анықталды

© Reuters

Transfermarkt порталы 2019 жылғы әлемдік футболдағы ең көп жанкүйер жиналған ТОП-10 матчты анықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі "Чемпионат" порталына сілтеме жасап.


Бірінші орынды "Камп Ноу" стадионында өткен 2018/19 маусымындағы Чемпиондар лигасының жартылай финалы, "Барселона" - "Ливерпуль" ойыны алды. Оған 98 299 көрермен жиналды. Бұл кездесу каталондық команданың пайдасына 3:0 есебімен аяқталды.


Ең көп көрермен жиналған матчтардың толық тізімі мынадай:


1. "Барселона" - "Ливерпуль" ("Камп Ноу", Барселона, 1 мамыр) - 98 299 көрермен;
2. "Кайзер Чифс" - "Орландо Пайретс" ("Соккер Сити", Йоханнесбург, 9 қараша) - 88 000 көрермен;
3. "Манчестер Сити" - "Уотфорд" ("Уэмбли", Лондон, 18 мамыр) - 85 854 көрермен;
4. Жыл бойы болған бірнеше матч ("Зигналь Идуна Паркі", Дортмунд) - 81 365 көрермен;
5. "Реал" - "Барселона" ("Сантьяго Бернабеу", Мадрид, 27 ақпан) - 80 472 көрермен;
6. Жыл бойы болған бірнеше матч ("Азади", Тегеран) - 80 000 көрермен;
7. Франция - Албания ("Стад де Франс", Сен-Дени, 7 қыркүйек) - 78 000 көрермен;
8. "Милан" - "Интер" ("Сан-Сиро", Милан, 17 наурыз) - 77 749 көрермен;
9. Несколько матчей по ходу года ("Альянц Арена", Мюнхен) - 75 000 көрермен;
10. "Герта" - "Боруссия" Дортмунд ("Олимпиадалық стадион", Берлин, 16 наурыз) - 74 667 көрермен.

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды