Каратеден Қазақстан командасының өкілі Софья Берульцева Алматыда өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Берульцева 68 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі финалда жапониялық Юдзуки Саваимен кездесті. Софья жекпе-жек барысында ұтылып жатып, негізгі уақыттың аяқталуына сәл қалғанда есепті теңестірді.
Содан кейін спортшылар нәтижелі әрекетпен алмасты. Қорытындысында жеңіске Саваи жетті.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Андрей Актауов пен Мөлдір Жаңбырбай алтын жүлдеге ие болған еді.