Каратеші қазақ қызы Мөлдір Жаңбырбай Мажарстан елінің астанасы Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды. Отандасымыз 50 келі салмақтың финалында италиялық қарсыласынан айласын асырды.
Бұған дейін ересектер арасында Қазақстаннан әлем чемпионы шықпаған. Мөлдір сол жетістік шыңын алғаш болып бағындырды.
Мөлдір Жаңбырбай жуырда ғана Ханчжоуда өткен Азия ойындарында күміс жүлдегер атанған болатын.
Ерлер арасында финалға шыққан Қайсар Алпысбай (60 келі) күміс жүлдені қанағат тұтты.