Олимпиада жүлдегері Ислам ынтымақтастық ойындарының алтын жүлдесін жеңді

©instagram.com/drs_kz/

Каратэден 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ал Әсел Қанай болса Ислам ынтымақтастық ойындарының қола жүлдегері атанды. 

Еске салайық, Берульцева Бирмингемде (АҚШ) өткен Бүкіләлемдік ойындарда да топ жарған болатын. 

Айта кетейік, Ислам ынтымақтастық ойындары Конья қаласында өтуде. Бұл бәсеке бүгін, 18 тамыз күні мәресіне жетеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар