Дубайда өтіп жатқан каратэден әлем чемпионатында жүлдеге таласатын қазақстандық спортшылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақтағы Мөлдір Жаңбырбай мен 68 келіге дейінгі салмақтағы Софья Берульцева қола медальға таласады.
Ал ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Қайсар Алпысбай мен 75 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Әжіқанов әлемдік сында үздік үштікке енуге тырысады.
Спортшылардың жекпе-жегі сенбі күніне жоспарланған.