Мәскеуде өтіп жатқан каратеден премьер-лигаға Қазақстан құрамасы да қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша финалға үш қазақстандық спортшы шықты. Олар Қайсар Алпысбай (60 келіге дейін), Мөлдір Жаңбырбай (50 келіге дейін) және Сабина Захарова (55 келіге дейін).
Финалдық жекпе-жектер ертең, 3 қазанда өтеді.