Карате
12 қараша 16:08
 

Қазақстандық каратэші 2025 жылғы Ислам ойындарының чемпионы атанды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық каратэші 2025 жылғы Ислам ойындарының чемпионы атанды Сурет: Нұрғали Жұмағазы

Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Никита Тарнакин Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды.

blog.share

Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Никита Тарнакин Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды.

Қазақстандық каратэші 84 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Отандасымыз ақтық сында Иордания спортшысы Мухаммед Аджафаримен кездесті. Нәтижесінде Тарнакин шешуші жекпе-жекте 8:3 есебімен жеңіске жетті.

Никита бұл оның осы маусымдағы соңғы ірі жарысы екенін атап өтті.

"Дайындық барысында еткен еңбегімнің ақталғанына өте қуаныштымын. Ішкі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Маусымды жеңіспен аяқтағаныма дән ризамын.

Бұл жыл мен үшін аяқталды. Алда қалпына келу кезеңі бар. Әлем чемпионатына іріктеуден өте алмадым. Сондықтан ұлттық құрамаға сәттілік тілеймін. Әлем чемпионатында көптеген жүлдеге қол жеткізетінімізге үміттенемін.

Ислам ынтымақтастығы ойындарының медалін барша қазақ халқына, жақындарыма, отбасым мен достарыма, маған сенген әрбір жанкүйерге арнаймын", - деді спортшы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!