Қарсыласын еш мүмкіндік бермей жеңген қазақстандық каратеші Азиада алтынын иеленді

©news.arsu.kz

Қазақстандық каратеші Нұрқанат Әжіқанов 2023 жылғы Азия ойындарының финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алтын үшін жекпе-жекте 75 келіде өнер көрсететін Нұрқанат Иордания спортшысын жеңді (8:0).

Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында Азиаданың 8 алтыны, 12 күміс және 37 қоласы бар. 

Айта кетейік, Әжіқанов әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері және Азияның үш дүркін чемпионы. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар