"Жылап отырмын". Каратеден финалда апалы-сіңілі қыздар бетпе-бет келіп қалды

©Видеодан кадр

Желіде Көкшетаудағы каратеден турнир финалында апалы-сіңілі қыздар бетпе-бет келіп қалғандағы видео тарады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қыздар мұндайды мүлде күтпегені көрініп тұр, алайда жекпе-жек басталуға белгі берілгенде қыздардың жасы үлкені еш кідірместен сіңілінің қолын көтерді. Ал сіңілі болса әпкесін жеңімпаз деп мойындауын өтінген. 

"Осындай қыздарды өсіріп, тәрбиелеп жатқанымызға қуаныштымын. Жаратқанға шүкір. Жылап отырмын", - деп жазыпты қыздардың анасы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар