Әлем чемпионатында екі каратеші қола жүлде еншіледі

©olympic

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында каратеден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық төрт спортшы жүлдеге таласып, екеуі жүлдегер атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева 68 келіге дейінгі салмақта әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Берульцева сербиялық Ивана Перовичтен басым түсті.

75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Әжіқанов қола медаль үшін өткен жекпе-жекте бельгиялық қарсыласын жеңіп, әлем үздіктерінің қатарына енді. Бұл 20 жастағы спортшының ересектер арасындағы ең үлкен жетістігі. 

Өкінішке қарай, 50 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Мөлдір Жаңбырбай украиналық спортшыдан, 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Қайсар Алпысбай морокколық қарсыласынан жеңіліп, төртінші орын алды. 

Ертең Қазақстан ерлер командасы қола жүлдеге таласады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар