Токиодағы "Grand Slam" турниріне қатыстын Қазақстан дзюдошлыары іріктелді
Жапония елінің астанасы Токиода жылдың қорытынды жарысы саналатын әлемдік "Grand Slam" турнирі өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады.
Жапония елінің астанасы Токиода жылдың қорытынды жарысы саналатын әлемдік "Grand Slam" турнирі өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады.
Төрткүл дүниенің кіл мықты татами шеберлері бақ сынайтын додаға Қазақстан атынан 20 дзюдошы қатысады. Олардың арасында Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, әлем чемпионы Елдос Сметов пен 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2021 және 2022 жылдардағы Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері Әбиба Әбужақынова да бар.
Аталған дода 2-3 желтоқсан күндеріне жоспарланған.
Айта кетейік, бұл күндері Астанада дзюдодан ел чемпионаты өтіп жатыр.
Қазақстан құрамасы құрамы:
Ерлер:
60 келі
Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев
66 келі
Ғұсман Қырғызбаев, Нұрзат Сәлімбаев
73 келі
Дания Шамшаев, Асқар Нарқұлов
81 келі
Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев
90 келі
Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков
100 келі
Бекарыс Сәдуақас, Нұрлыхан Шархан
+100 келі
Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай
Әйелдер:
48 келі
Әбиба Әбужақынова
52 келі
Ғалия Тынбаева
63 келі
Есмигүл Куюлова
70 келі
Екатерина Токарева
+78 келі
Назгүл Маратова, Камила Берліқаш.
Жарнама